АҚШ тұрғындарының тең жартысы Трампты соттауды қолдады

АҚШ тұрғындарының тең жартысы Трампты соттауды қолдады

ашық дереккөзі

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы сот процесі америкалық қоғамды екіге бөлді, бірақ бұл оның 2024 жылғы сайлауда Республикалық партиядан кандидат ретінде ұсынылу мүмкіндігін арттырған сияқты. Бұған Reuters агенттігінің тапсырысы бойынша Ipsos жүргізген сауалнамасының нәтижесі дәлел, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Бұл сауалнама сейсенбіде Манхэттен прокурорлары Трампты бизнес құжаттарын бұрмалады деп 34 рет айыптағаннан кейін өтті. Сауалнамаға сәйкес, америкалықтардың 49%-ы АҚШ-тың қазіргі немесе бұрынғы президентіне қарсы қылмыстық істің қозғалуын қолдайды. Демократтардың шамамен 84%-ы айыптаулардың негізді екенін айтса, республикашылдардың 16%-ы ғана бұл талаппен келіскен. Республикашылдардың 40%-ға жуығы Трампқа қарсы іс олардың 2024 жылы бұрынғы президентке дауыс беру мүмкіндігін арттыратынын айтты. Республикашылдардың 58%-ы таңдаулы кандидат деп санайтын Трамп республикашылдардың кандидатураларында үлкен айырмашылықпен көш бастады.

Loading...