Мәзір
7 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ұлттық банк 7-20-25 туралы: «Ешкім бағдарлама шексіз болады деп айтқан жоқ»

Ұлттық банк 7-20-25 туралы: «Ешкім бағдарлама шексіз болады деп айтқан жоқ»

Ұлттық банк 7-20-25 туралы: «Ешкім бағдарлама шексіз болады деп айтқан жоқ» Ұлттық банк 7-20-25 туралы: «Ешкім бағдарлама шексіз болады деп айтқан жоқ»
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ғалымжан Пірматов 7-20-25 ипотекалық несиелеу бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы айтты. Оның пікірінше, Ұлттық банк арзан ипотека бермеуі керек, деп хабарлайды Taulik.kz сайты ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
"Енді Ұлттық банк бұрын хабарланғандай жылына 100 млрд теңге, тоқсанына 25 млрд теңге ұстанатын болады. Бізде қазір бұл параметрлерге өзгертулер енгізу туралы жоспарымыз жоқ. Арзан, нарықтық емес ипотека беру Ұлттық Банктің міндеті емес. Ұлттық Банк осы бағдарламаларға қатысқан кездегі шаралар дағдарысқа қарсы әрі уақытша болды. Біз бұл шаралардан неғұрлым ертерек шықсақ, барлық қазақстандықтар үшін соғұрлым жақсы болады", - деді Пірматов жұма күнгі баспасөз мәслихатында.
Ол 2018 жылы бағдарламаны іске қосу кезінде 1 трлн теңге бөлінгенін еске салды.
"Бұл ақша биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында бітуі керек еді. Негізінде біз өз міндеттемелерімізді орындаймыз. Біз өз уәдемізде тұрамыз. Бұл бағдарлама шексіз жүзеге асады деп ешкім айтқан жоқ және ешқандай лимиттік қаражат болмайды », - деп қосты ол.

Апта талқысында: