Алматыда заңсыз салынған 53 құрылыс нысаны сотқа берілді
«Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан заңсыз танылған 53 нысанды сотқа жібердік. Оның ішінде 29 нысан бүгінде сотта қаралып жатыр. Заңсыз құрылыс нысандары міндетті түрде соттың шешімімен бұзылады», – деді Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Түлебаев.