logo
search
menu

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады
8 сәуір, 2023
Қазақстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бүгін, 8 сәуірден бастап Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Бұл ретте осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін арнайы бұйрықпен республика аумағынан Еуразия экономикалық одағының үшінші елдеріне тек 20 000 тонна мөлшерінде пияз (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге шектеу (квота) енгізілді.

    Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауар әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол 500 тоннадан аспайды.

    Қазақстан аумағынан тауар әкетуге арналған квота көлемін бөлу Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификат беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.

    Еске сала кетейік, осы жылдың қаңтарында Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен пиязды елден шығаруға тыйым салынған еді.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы