logo
search
menu

Бозымбаев халыққа өзі салдырған үйді тегін сыйлады

Бозымбаев халыққа өзі салдырған үйді тегін сыйлады
9 сәуір, 2023
Бозымбаев халыққа өзі салдырған үйді тегін сыйлады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматы облысының экс-әкімі Қанат Бозымбаев ораза кезінде Талдықорғанға барып, өзі салдырған көпқабатты 60 пәтерлік үйді 60 отбасына тегін сыйлады. Бұл туралы танымал журналист Көсемәлі Сәттібайұлы  Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды taulik.kz.
    Бұл – біздің елімізде үлкен жүректі азаматтың қолынан ғана келетін іс. Әйтпесе, Астана мен Алматыда, Атырау мен Ақтөбеде, Талдықорған мен Таразда қаншама миллиардерлер мен миллионерлер жүр, жағадайы жоқ жандарға осылай топтап тұрып пәтер сыйласа? Тараз қаласына Алматы жақтан келетін жолымыз кеңес өкіметі кезінде салынғандықтан, бүгінгі күн талабына сай келмейтін өте тар еді. Соны екі бағытта жүретін етіп, кеңейтті. Ортасына қылқан жапырақты талдар ектірді. Онымен қоя салмай, сол екі бағытта жүретін кең жолға Тараз қаласына кіретін Шығыс қақпасын салдырды. Ол қақпа қазір Тараз қаласының мақтанышына айналды, - дейді Көсемәлі Сәттібайұлы.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы