Ақтөбеде колледж директоры жалған құжат жасағаны үшін сотталды
Ақтөбеде колледж директоры жалған құжат жасағаны үшін сотталды
10 сәуір, 2023

Құрылыс және бизнес колледжінің 60 жастағы директоры алаяқтық жасады деп айыпталды, деп хабарлайды taulik.kz.
Orda.kz жазуынша, директорлың сыныптасы, №40 мектептің аспазшысы келіп, басшылық оны біліктілігін арттыру курстарынан өтуге мәжбүрлеп жатқанын хабарлаған. Колледж директоры оған «Мектеп оқушыларын тамақтандырудың заманауи технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат жасап беруге уәде берген, оған қоса шын мәнінде сабаққа барудың қажеті жоқ деп түсіндірген. Сыныптасы мен оның әріптесіне өзінің компьютерінен екі сертификатты шығарып, қолын қойып 14 мың теңге алған.
Сот оның куәліктерінің нысаны заңды, бірақ мазмұны бойынша жалған екенін анықтады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Сот айыпталушыны 140 мың теңге айыппұл төлеуге үкім шығарып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы