Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
10 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

4575 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

4575 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

4575 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
2023 жылы 4575 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 4575 этникалық қазақ Қазақстанға оралып, қандас мәртебесін алғанын хабарлады. Жалпы, 1991 жылдан бастап, тәуелсіздік алғаннан бері республикаға 1 млн 111,1 мың адам қоныс аударған. Ztb.kz хабарлауынша, жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (52,4 пайызы) Өзбекстаннан, 19,3 пайызы Қытайдан, 13 пайызы Ресейден, 6,3 пайызы Түрікменстаннан, 5,3 пайызы Моңғолиядан, 3,7 пайызы басқа елдерден келген.