logo
search
menu

Қазақстанда алдағы күндері 30 градус ыстық болады

Қазақстанда алдағы күндері 30 градус ыстық болады
10 сәуір, 2023
Қазақстанда алдағы күндері 30 градус ыстық болады
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Синоптиктер 11-13 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды taulik.kz. Атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – 11 сәуірде, 12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Республиканың солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонның кіруі әсерінен ауа температурасы түнде 5-10 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Алайда күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, 13 сәуірде термометрлер республиканың солтүстік жартысында 10-18 градусқа, оңтүстікте 17-30 градусқа дейін жетеді. Республикада тұман, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда құмды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстік жартысында көктайғақ болады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы