Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
10 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Ұлттық банк халықты сақ болуға шақырды

Ұлттық банк халықты сақ болуға шақырды

Ұлттық банк халықты сақ болуға шақырды
ашық дереккөзі
Ұлттық банк халықаралық аударымдармен байланысты алаяқтық әрекеттердің көбейгенін ескертіп, Қазақстан азаматтарын сақ болуға шақырады, деп хабарлайды taulik.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жеке және заңды тұлғалар Ұлттық банкке шетел валютасымен ақша алуға жәрдем көрсетуді сұрап, өтінішпен жүгініп жатады. Әдетте мұндай өтініштерге жалған төлем құжаттары (оның ішінде SWIFT форматында) және есепте жоқ шоттар мен ақша аударымдарын растайтын шарттар қоса беріледі.
Назар аударуды сұраймыз, Ұлттық банк орталық банк болып саналады және ол Қазақстанның банк жүйесінде жоғарғы (бірінші) деңгейді білдіреді. Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және Қазақстан резиденті, бейрезидент тұрғындарына ақша аудармайды.
Ұлттық банк SWIFT арқылы клиент төлемдеріне қызмет көрсету процесіне қатыспайды және SWIFT арқылы операция жүргізуге рұқсат бермейді», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Ұлттық банк жекелеген валюталық шарттарға валюта операциясы бойынша деректерді жинау үшін ғана есептік нөмірлерді тіркейтінін хабарлайды. Бұл рәсім рұқсат ету, санкция салу немесе мақұлдау қызметін атқармайды. Есептік нөмірді Ұлттық банк реттеуші тарапынан қандай да бір міндеттемесіз береді және оның болуы келісім бойынша ақша түскенін не жөнелтілгенін білдірмейді. Бұл ретте нөмір беру Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін тұлғаларды жауапкершіліктен босатпайды.