Мәзір
10 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері келіссөз жүргізді Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері келіссөз жүргізді
ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Ильхам Әлиевке алғыс айтты, деп жазады taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Былтыр тамыз айында мен Бакуге  сапармен бардым. Бұл сапарым аса нәтижелі болды және екіжақты қатынастарға тың серпін берді. Қазір президенттердің екі ел үкіметіне берген тапсырмаларының орындалу барысын пысықтау қажеттілігі туды.  Әзербайжан мен Қазақстан – бауырлас әрі достас мемлекеттер. Біздің тарапымыздан сауда-экономика және инвестиция салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты форматтағы және халықаралық ұйымдар аясындағы саяси қарым-қатынасты дамыту үшін барлық мүмкіндік жасалып жатыр. Біз Кавказ аймағында жетекші рөл атқаратын Әзербайжан мемлекетімен экономикалық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту  үшін ауқымды жұмыс жүргізуді көздеп отырмыз. Біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Тек қана осы бағытта алға ілгерілеуге деген ниет қана бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Апта талқысында: