Түркістан облысында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын зорлаған

Түркістан облысында 6-сынып оқушысы 5-сынып оқушысын зорлаған

ашық дереккөзі

Түркістан облысында 5-сынып оқушысын зорлау дерегін полицейлер тергеп жатыр, деп хабарлайды taulik.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне бұл дерек "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«29 наурызда Төлеби аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны оның ұлына сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағанын айтып арызданған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажетті шараларды қабылдады.

Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады. Істің тергелуі Түркістан облысының Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ "НеМолчи.kz" қорының сенім телефонына мектеп оқушысының зорланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оның жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook-те болған жайт туралы жазба жариялады.

"Жәбірленушінің анасы сол мектепте жұмыс істеген. Оның үйіне мектеп әкімшілігі келіп, іс қозғамауды өтінген, нәтижесінде ол ұжымға ренжіп, ауылдан кетіп қалған", – деп жазды Дина Таңсәрі.

Loading...