Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның адам қолынан қаза тапқанын айтты

Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі оның адам қолынан қаза тапқанын айтты

ашық дереккөзі

Танымал саясаткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында бұрынғы күйеуінің адам қолынан қаза тапқанын айтты, деп жазады taulik.kz.

«Зәкең Мақпалға кеткеннен кейін мен оны теледидардан ғана көріп отырдым. Теледидарға шығып, есеп беретін еді. Ұлы Қайратқа әкесінің жанында болсын деп тапсырдым, Құралай сирек, тек туған күнінде баратын. Ол кісінің қан қысымы көтеріліп кетеді, біреуге ренжісе жүрегі ауырып қалатын. Ана жақтағы өмірінің қандай болғанын естігенбіз. Кереметтей өмір болған жоқ. Сондықтан байқа деп айтып жүретінмін. Кісі қолынан кететінін қайдан білейін. Солай Қайрат әкесіне барып тұрды. Өмірден өтер кезде Құралайдың тігін шеберханасына барып, қызынан кешірім сұрады. «Қызым, мен жақсы әке болдым, ба, жаман әке болдым ба? Мені кешір» деген екен. Құралай денсаулығын сұрағанда: «Денсаулығым нашар, қызметімнен түстім. Менің өмірім қызмет еді» деп жауап берген. Қызым: «Әке, менімен тұр, болмаса Қайратқа қайт» деп айтқан көрінеді. Сонда «қайтам ғой» деген екен. Заманбек қызымен қыркүйекте кездескен, ал қараша айында дүниеден озды», – деді ол.

Loading...