"Қазақстан гольф федерациясының" жаңа президенті болып Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кәсіпкер Берік Қаниев тағайындалды, деп жазады taulik.kz.
Берік Қаниев - кәсіпкер, қоғам қайраткері. Ол "Lancaster Group Kazakhstan" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ білім беру, спорт және экология саласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың құрылтайшысы.
Федерацияның жаңа президенті Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті. Сонымен қатар осы олимпиадалық спорт түріне жастарды тарту үшін балалар мен жасөспірімдер гольфін дамытуды жоспарлап отыр.