logo
search
menu

Қазақстанның төрт қаласында пәтер жалдау құны күрт өсті

Қазақстанның төрт қаласында пәтер жалдау құны күрт өсті
10 сәуір, 2023
Қазақстанның төрт қаласында пәтер жалдау құны күрт өсті
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй нарығындағы бағаға қатысты мәлімет ұсынды, деп жазады taulik.kz ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Бюро дерегінше, бір жылда (2022 жылғы наурызбен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) пәтерлерді қайта сату бағасы – 7,3%, жаңа тұрғын үйлерді сату 9,3% қымбаттады. Абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 29,3% артты.

    Жаңа үйлер бір жылда Ақтөбе (25,4%) және Ақтау (24,3%) қалаларында ең көп қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Қызылорда (37,8%), Ақтау (32,6%), Семей (31,6%), Қостанай (29,2%), Өскемен (24,7 %) қалалары. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында ең жоғары баға Көкшетау (51,1%), Петропавл (48%), Алматы (45,4%) және Қостанай (45%) қалаларында тіркелді.

    Айта кетейік, бір айда (2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 2023 жылғы наурызда) жаңа тұрғын үйді сату бағасы – 1,2% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,7% төмендеді. Ал баспананы арендаға алу құны алдыңғы аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы