logo
search
menu

Түркістандық тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды

Түркістандық тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды
10 сәуір, 2023
Түркістандық тұрғыннан 5 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістан облысы Леңгір қаласында белгісіз біреулер тұрғынға күш қолданып, 5 млн теңге бопсалаған, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жәбірленушінің сөзінше, оны пышақпен қорқытқан.
    «Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтады. Төле би ауданының аумағында жедел іздестіру кезінде, полицейлер 5 млн теңге көлемінде ақша ұстап тұрған жерінен 2 ер адамды ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған Төле би ауданының тұрғыны», – дейді ведомстводағылар.
    Тінту жұмыстары кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ бірінің үйін тінту кезінде алты оқ табылды. Күдіктілерге қатысты тиісті сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталып жатыр.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы