logo
search
menu

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатынан алтын жүлде алды

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатынан алтын жүлде алды
10 сәуір, 2023
Қазақстандық спортшы Азия чемпионатынан алтын жүлде алды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатынан грек-рим күрес шебері Ибрагим Магомадов  алтын медаль алды, деп хабарлайды Taulik.kz. Қазақстандық балуан шешуші межеде Иран спортшысы Саид Әли Именталабфуманимен бірге боз кілемге шықты. Есеп 5:2. Осылайша Ибрагим Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. Сондай-ақ ел құрамасынан Ернұр Фидахметов (60 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) қола жүлдеге таласады. Еске салайық, грек-рим күресінен жарыстың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) күміс жүлдегер болса, Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедалі Мамырбек (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы