Батыс Қазақстан облысында есірткі қолданған жүргізуші қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні шамамен сағат 23.18-де Атырау-Орал автожолы бойында, Круглоозерный кенті маңында болған. «Hyundai Sonata» автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін сақтамай, белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы кезінде «Hyundai Sonata» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі каннабиоидтарды (марихуана) қолданудың әсерінен мас күйде болған. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, ер адамның оқиға орнында қайтыс болғанын хабарлады.
Loading...