logo
search
menu

Анасы мен баласын өлтірген ер адам қамауға алынды

Анасы мен баласын өлтірген ер адам қамауға алынды
10 сәуір, 2023
Анасы мен баласын өлтірген ер адам қамауға алынды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбе қаласында анасы мен ұлын өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Taulik.kz. Белгілі болғандай күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» туралы бұлтартпау түріндегі шарасы қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады. Еске салсақ, 29 наурыз күні сағат 5:30-да «102» телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылған болатын. Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы