Желіде 16 жастағы қыздың өзіне қол жұмсаған видеосы тарады
«Видеода Асемайдың көпірге көтеріліп бара жатқан сәті көзге түседі. Сол жағадағы бір үйдің камерасынан қарауға үмітіміз болды. Алайда ол үй иесі 1, 2, 3 күндері өз үйінде болмаған. Үй иесі аңға кеткен екен. Бүгін іздеудің 4-күні, үйдің иесі үйіне келді. Асемайдың әкесі сол үйдің камерасын қарауға кіріп шыққан. Камерадан қарағанда, Асемай өкінішке орай, көпірден секіріп кеткен. Өте өкінішті», - деп жазды Сандуғаш Кукенова.Жасөспірімді іздеуге еріктілер мен халық қалаулылары да қосылған. Бұған дейін облыстық мәслихат депутаты Надежда Шильман өзінің Facebook-тегі парақшасында Асемай соңғы фотосуретін көпірдің қасында түсіріп, оған «Қош болыңдар» деген жазба қалдырғаны туралы жазды.