Министр журналистерден қазақ тілін үйренуге уақыт сұрады

Министр журналистерден қазақ тілін үйренуге уақыт сұрады

ашық дереккөзі

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін журналистерден қазақ тілін үйренуге жарты жыл уақыт сұрады, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін Алмасадам Сәтқалиевтен қойған сұрақтардың бәріне не үшін тек орыс тілінде жауап беретінін сұрады. «Әрине мен ана тілімді білемін. Бірақ маған тіл білу деңгейімді көтеру керек. Жарты жыл уақыт беріңіз. Содан кейін қойған сұрақтарыңыздың бәріне қазақ тілінде жауап беремін. Жауап сапалы болу үшін орысша беріп тұрмын», - деді министр. Айта кетейік, бүгін Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Энергетика министрі ретінде ресми ант берді.

Loading...