Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ағылшын тілі пәні 2-сынып мектеп бағдарламасынан алынып тасталады, деп хабарлайды Taulik.kz. El.kz хабарлауынша, ағарту министрлігінің тиісті бұйрығы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған. 10-11 сыныптарда шет тілі бойынша сағат саны 1 сағатқа артады. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары үшін «Көркем еңбек» пәні «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» болып екіге бөлінеді. Осы уақытқа дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдері бірінші сыныптан бастап міндетті пәндер болып оқытылып келген. Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Асхат Аймағамбетов енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгеріп, орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылатынын мәлімдеген болатын.
Loading...