logo
search
menu

Ақтөбеде ана мен баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды

Ақтөбеде ана мен баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды
11 сәуір, 2023
Ақтөбеде ана мен баланың өліміне қатысты күдікті ұсталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Ақтөбеде ана мен баланың өліміне қатысты күдікті ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды Taulik.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметі мәліметінше, күдіктіге "қамауда ұстау" туралы бұлтартпау түріндегі шара қабылданған. Екі айға санкция беріліп, ол 31 мамырға дейін жалғасады. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Еске салайық, 29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны хабарланған болатын. Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар денелерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы