Аудит аяқталды: Клебановқа тиесілі ЖЭО кімнің есебінен жөнделетіні белгілі болды
«Министр мен әкімдік аудитті аяқтағандарын айтып, баяндады. Екібастұз жылу-электр орталығының өзіне де, жылу желілеріне де қаражат бөлінеді. Жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылады. Облыс әкімінің өзі айтқандай мен оны бұл мәселеде қолдап отырмын. Келесі жылыту маусымында Екібастұзда проблема болмайды», - деді Скляр Үкімет кулуарында.