«Қазақстанның халық әртісі»: Мәдениет қызметкерлеріне 2 есе үстемақы төленеді

«Қазақстанның халық әртісі»: Мәдениет қызметкерлеріне 2 есе үстемақы төленеді

ашық дереккөзі

"Қазақстанның халық әртісі" атағына ие мәдениет қызметкерлеріне төленетін үстемақы екі есе көбейеді, деп хабарлайды taulik.kz Мәдениет және спорт министрлігінің жазуынша, бүгінде елімізде 49 өнер қайраткері "Халық әртісі" атағына ие, оның ішінде 37 адам мемлекеттік мәдениет мекемелерінде қызмет істейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап "Қазақстанның халық әртісі" атағы қайта берілетін болды. Құрметті атаққа лайық мәдениет қайраткерлері Республика күні қарсанында марапатталады. Құрметті атақ еліміздің театр, цирк, музыка және кино өнерін дамытуға ерекше үлес қосқан, осыған дейін "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" немесе "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған мәдениет қызметкерлеріне беріледі.

"Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта беру мемлекет тарапынан өнер қайраткерлерінің еңбегін бағалауға, кәсіби қасиеттерін дамыту және жетілдіруге, кәсіби шеберлік деңгейін арттыруға және жаңа өнер туындыларын жасауға ынталандыруға, жас буынның шығармашылық өсуіне және ұрпақтар сабақтастығына қызығушылық арттыруға ықпал етеді" ,- деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Loading...