logo
search
menu

Интернат оқушысы қайтыс болды

Интернат оқушысы қайтыс болды
11 сәуір, 2023
Интернат оқушысы қайтыс болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Семей қаласындағы мектеп-интернаттың бірінде жасөспірім тамаққа қақалып қайтыс болды, деп хабарлайды taulik.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
    Облыстық білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 7 сәуірде түскі ас кезінде болған. Мектеп-интернаттың 13 жастағы оқушысы есінен танып қалған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жедел жәрдем де шақырылды. Алайда бала дәрігерлер келгенше қайтыс болған. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жасөспірімнің тыныс алу жолдарына тамақ тұрып қалған. Содан механикалық асфиксия болды, бала ауа жетпей, тұншығып қалған.
    «2016 жылы 13 қаңтардағы Семей қаласының психологиялық-медициналық қорытындысы бойынша «ақыл-ойдың жеңіл кемтарлығы» диагнозымен интернатқа қабылданған болатын. Дүйсенбіден жұмаға дейін мектеп жатаханасында оқыды. Ал демалыс күндері анасы үйіне алып кетіп жүрген», – делінген ресми хабарламада.
    Қазіргі кезде полиция адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы