"Бералы Маңғыстау Company" мұнай сервистік мердігерлік компаниясының 70-ке жуық бұрынғы қызметкері 10 сәуірде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналған болатын.Ер кісілер Астанаға Жаңаөзеннен келген, олардың сөзінше, елордаға келуіне жұмыссыздық себеп болған. "Бералы Маңғыстау" компаниясы тендерден ұтылып, барлығы жұмыс орындарынан айырылған. Жаңаөзен жұмысшылары түні бойы көшеде болды.
Жаңаөзендік жұмысшыларды қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкетті
Жаңаөзендік жұмысшыларды қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкетті
11 сәуір, 2023

Мазмұны
Желіде Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының жанында пикет ұйымдастырған Жаңаөзен мұнайшыларын қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкеткен видео тарады, деп хабарлайды taulik.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмысшылар алдымен кеттлингке алынды, содан кейін барлық заттарды алдын-ала жинап, автозактарға тиеді. Бейнежазбадан тәртіп сақшылары жұмысшыларды қалай ұстап жатқанын көруге болады.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы