"Жаңаөзен қаласының мұнайшылары әділдік іздеп, Астана қаласына келдік. Кеше әлеуметтік желіде көріп отырған жағдайларға байланысты: біз аманбыз, деніміз сау. Ауылға қайтамыз. Алла қаласа біз де барамыз. Еш уайымдамай, жұмыстарыңызды жалғастырсаңыздар болады. Маңғыстау облысына, Жаңаөзен қаласына, барша мұнайшыларға алғыс білдіреміз", - дейді жұмысшылар.Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзеннен барған 60-70-ке жуық адам талаптарын айтып, Энергетика министрлігі ғимаратының алдына жиналды. Бұл мәселеге қатысты "Қазмұнайгаз" өкілдері түсінік берді. Ал Үкімет отырысында елордаға келген жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты вице-премьер Алтай Көлгінов пікір білдірді. Вице-премьердің айтуынша, бұл келіссөздер процесі де, барлығы да заң аясында шешілуге тиіс.
Жаңаөзендік мұнайшылар халыққа үндеу жасады
Жаңаөзендік мұнайшылар халыққа үндеу жасады
12 сәуір, 2023

Мазмұны
Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

taulik
taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы