logo
search
menu

Интернат оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды

Интернат оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды
12 сәуір, 2023
Интернат оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Семейде кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды taulik.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Күні кеше мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірімнің тамақтану кезінде қайтыс болғанын жарияладық. Жедел жәрдем бригадасы келгенше бала қайтыс болған.
    Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады полиция.
    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілмейді. Айта кетейік, бұған дейін оқушының өліміне қатысты Абай облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. Басқарма таратқан мәліметке жүгінсек, медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оқушы тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы