Мұнайшылар қамаудан босатылып, өңіріне қайтты

Мұнайшылар қамаудан босатылып, өңіріне қайтты

ашық дереккөзі

«БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлады, деп жазады Taulik.kz.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді. Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді. Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар қамаудан босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына жол жүріп кетті, – делінген хабарламада.
Жаңаөзендік мұнайшылар Астана-1 теміржол вокзалынан өздерін қолдаған халыққа алғыс айтып, аттанды.

Loading...