«10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің мәліметінше, 16 адам улану белгілерімен шағымданған», - делінген басқарма хабарламасында.Аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанованың айтуынша науқастарға қажетті шаралар қолданып, ем жүргізіліп жатыр.
«6 адам амбулаторлық емге жолданды, ал 10 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдауда. Шағыммен келген кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайлары жақсарды», – дейді бөлім меңгерушісі.