Алматыда дүкендердің бірінен қыздың кесілген басы табылды(ВИДЕО)

Алматыда дүкендердің бірінен қыздың кесілген басы табылды(ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Алматыдағы дүкендердің біріне қыздың кесілген басын лақтырып кеткен. Оқиға Шолохов көшесінде болды, деп хабарлайды Taulik.kz. Orda.kz жазуынша белгілі бір ер адам бутикке кіріп, пакетті тастап кеткені айтылған. Сатушы оны ұмытып кетті деп сатып алушыға беруге асыққан, бірақ ол із-түзсіз жоғалып кеткен. Polisia.kz хабарлауынша тергеу-жедел тобы да оқиға орнын тексерген, әйелдің басы кесілгені расталды. Оның жеке басы анықталды: 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге ​​жатпайды.

Loading...