logo
search
menu

Қазақстанда бір жыл ішінде 45 мың отбасы ажырасқан

Қазақстанда бір жыл ішінде 45 мың отбасы ажырасқан
12 сәуір, 2023
Қазақстанда бір жыл ішінде 45 мың отбасы ажырасқан
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстанда бір жыл ішінде 45 мың отбасы ажырасқан, деп хабарлайды Taulik.kz. Ulysmedia.kz хабарлауынша 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 85,4 мың неке (66,5%) қалаларда, 43,0 мың неке (33,5%) ауылдық жерлерде тіркелген. Ажырасуларға келсек, 2021 жылмен салыстырғанда бұзылған некелер саны 7,7% азайған. Бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Олардың ішінде 33,2 мың ажырасу (74,6%) қалаларда тіркелсе, ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді. Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы