logo
search
menu

Қытай мен Қазақстан өзара визасыз режимді енгізбек

Қытай мен Қазақстан өзара визасыз режимді енгізбек
12 сәуір, 2023
Қытай мен Қазақстан өзара визасыз режимді енгізбек
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Қазақстан мен Қытай өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қоюға ниетті, деп хабарлайды Taulik.kz. Ztb жазуынша, құжаттарға қол қойылғаннан кейін қазақстандықтар Қытайда, ал оның азаматтары біздің елде шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз бола алады. Келісімге қатысушылардың бірінің мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында белгіленген мерзімнен ұзақ тұруға ниет білдірсе, онда олар мемлекеттің аумағына кірер алдында тиісті виза алуға өтініш беруі керек. Айта кетейік, келісімге сыртқы істер органдары басшыларының қол қоюы Қытайдың Сиань қаласында 18-19 мамырда жоспарланған. Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Қытайға барғысы келсе, виза алуы керек еді.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы