Азия чемпионатында еркін күрестен сайысқа кімдер түседі?

Азия чемпионатында еркін күрестен сайысқа кімдер түседі?

ашық дереккөзі

Бүгін, 13 сәуірде Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионатының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды taulik.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сайысқа 57, 65, 70, 79 және 96 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар түседі. Ел құрамасынан Рахат Қалжан (57 келі), Мұхтар Санжар (65 келі), Санжар Досжанов (70 келі), Болат Сақаев (79 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі) бозкілемге шығады. Қазақстандық балуандар арасынан Рахат Қалжан 1/4 финалда қырғызстандық Алмаз Сманбеков пен пәкістандық Мухаммад Билал жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Мұхтар Санжар алғашқы белдесуінде ирактық Мохаммед Аль-Джавадпен күрессе, Санжар Досжанов Оңтүстік Корея өкілі Пак Су Хенмен шеберлік байқасады. Сондай-ақ ел құрамасынан Болат Сақаев ширек финалда түркіменстандық Веппа Хеменеков пен жапониялық Яджуро Ямасакиның жұбының жеңімпазымен кездессе, Бекзат Үркімбайдың алғашқы қарсыласы – түркіменстандық Шатлык Хемелияев.

Loading...