logo
search
menu
61 жастағы ер адам өз пәтерінде қайтыс болды
ашық дереккөзі

61 жастағы ер адам өз пәтерінде қайтыс болды

61 жастағы ер адам өз пәтерінде қайтыс болды Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шықты. Көршілер өрт сөндіруші қызметкерлерді шақырған, деп хабарлайды taulik.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. Белгілі болғандай, 17-шағынауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар түнгі сағат 01.00 шамасында түскен. Үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаз өртенген.
«Пәтерден 1962 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Түтінге тұншыққан тұрғындарды өрт сөндірушілер эвакуациялады», – деді Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Көршісінің айтуынша, ер адам пәтерде жалғыз тұрған. Мөлшерден тыс ішімдік ішкен. Бұл пәтер бұған дейін де өртенген. Ол кезде көршілері дер кезінде байқап, ер адамды аман алып қалған екен.