Қаңтар оқиғасынан кейін төбе көрсетпеген Асқар Маминнің қайда жүргені анықталды

Қаңтар оқиғасынан кейін төбе көрсетпеген Асқар Маминнің қайда жүргені анықталды

ашық дереккөзі

Қазақстанның экс-премьер министрі Асқар Мамин Ташкенттегі марапаттау салтанаттарының бірінде жүр, деп хабарлайды taulik.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Pro Hokei Ligasy-ның мәліметінше, Ташкентте Parimatch-Pro Hokei Ligasy 2022/23 жылғы маусымының жабылу рәсімі өткен. Іс-шараға Қазақстанның бұрынғы премьер министрі, хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФХ бас директоры Глеб Қаратаев және ФХУ бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысқан. Еске салайық, Асқар Мамин премьер министр қызметіне 2021 жылдың 15 қаңтарында тағайындалған. Алайда 2022 жылдың 6 қаңтарында Мамин бастаған Үкімет отставкаға кетті. Президент Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Маминнің орнына Әлихан Смайылов тағайындалған. Бұған дейін Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған еді. Бірақ бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығарды.  

Loading...