Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа орынбасарлар тағайындалды, деп хабарлайды taulik.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының өкімімен: Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды; Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына кімдер тағайындалды?
ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына кімдер тағайындалды?
