logo
search
menu

Алматыда рұқсатсыз салынған мейрамхана сүрілді

Алматыда рұқсатсыз салынған мейрамхана сүрілді
13 сәуір, 2023
Алматыда рұқсатсыз салынған мейрамхана сүрілді
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Алматыда ірі мейрамхана сүрілді. Мұндай шешім сотта қабылданды, себебі меншік иесі құрылысты рұқсат алмай салған, деп хабарлайды Taulik.kz сайты. Ulysmedia.kz жазуынша, оқиға Наурызбай ауданындағы «Ақжар» шағын ауданындағы мейрамхана туралы болып отыр. Алматы әкімдігі мейрамхана иесіне анықталған заң бұзушылықтарды жоюға уақыт берілгенін, ол орындамағанын айтты.
    «Мерзімі өткеннен кейін меншік иесі талапты орындамай, департамент Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызбен жүгінді», - деп хабарлады әкімдік.
    Сот өткен жазда талапты қанағаттандырғанымен, иесі аппеляциялық шағым түсірген. Алайда бұл жерде сот оның жағына шықпады. Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен мейрамхананы бұзу жұмыстары басталды. Бұған дейін Алматының орталығында дәмхананың жазғы террасасы сүрілгені хабарланған болатын. Бұған дейін Алматыда Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы мейрамхана маңындағы жазғы дәмхана мен сауда нүктелері сүрілгені хабарланған болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы