logo
search
menu

Елімізде тұрғындардың тууынан өліміне дейін тіркеу ақылы болмақ

Елімізде тұрғындардың тууынан өліміне дейін тіркеу ақылы болмақ
13 сәуір, 2023
Елімізде тұрғындардың тууынан өліміне дейін тіркеу ақылы болмақ
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Бұдан былай елімізде баланың тууын мемлекеттік тіркеу, әке болуды (ана болуды) белгілеуге, баланы асырап алуға, атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге байланысты тууды мемлекеттік тіркеу ақылы болмақ, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері орындайтын азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасын НҚА сайтына жариялады.
    Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін, – делінген құжатта.
    Құжатқа сәйкес, баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде 8 433,89 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде 9 667,42 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өзара келісім бойынша некені бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде 9 775,39 теңге (ҚҚС-пен есептегенде), өлімді мемлекеттік тіркеу кезінде 8 833,58 теңге (ҚҚС-пен есептегенде) көлемінде баж салығы төленеді. Бұйрық жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға қойылған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы