Мемлекет 170 мыңға жуық студенттің жатақхана ақысын төлейтіні рас па?

Мемлекет 170 мыңға жуық студенттің жатақхана ақысын төлейтіні рас па?

ашық дереккөзі

Мемлекет халықтың әлеуметтік осал тобына кіретін студенттердің жатақханада тұруын субсидиялауды жоспарлап отыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды taulik.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Жоғары оқу орындарының жатақханаларында тұруға жұмсалатын шығынды басқа қаладан келіп оқитын бір студент үшін жылына 29 АЕК мөлшерінде ішінара өтемақы жүргізу ұсынылады. Бір студентке жылына 100 050 теңге, - делінген құжатта.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, қазір еліміздің жоғары оқу орындарында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шаққан 168 150 студент оқиды.
Республикалық бюджетке бір мезгілде жүктемені болдырмау үшін осы тапсырманы кезең-кезеңімен іске асыру орынды деп санаймыз, - деп мәлімдеді министрлік.
Бірінші кезеңде мемлекеттік әлеуметтік көмекке неғұрлым мұқтаж студенттерге, сондай-ақ жекелеген студенттерге олардың әлеуметтік қорғалмау деңгейіне қарай тұру шығындарын субсидиялау ұсынылып отыр:
  • жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер (2 769 адам);
  • мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар (1 667 адам).
Мұндай жағдайда үш жылдық бюджетке қосымша қажеттілік шамамен 1,1 млрд теңгені құрайды.
  • 2023 жылы қыркүйек айынан бастап – 177 529 мың теңге;
  • 2024 жылы – 463 762 мың теңге;
  • 2025 жылы – 479 971 мың теңге.
Қаулы жобасы 26 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.

Loading...