logo
search
menu

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды

Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
14 сәуір, 2023
Қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Досжанов (70 кг)  жеңіске жетті, деп хабарлайды Taulik.kz. Ол финалда өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты ұтты. Елордалық балуан 1/8 айналымда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза ұтқан. Сосын қырғызстандық Орозобек Токтомбетовпен өте тартысты белдесу өтті. Отандасымыз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Осыдан кейін Санжар ирандық Мортеза Хассанәліні жеңді. Айта кетейік, былтыр Моңғолияда бұл салмақта күрескен Ұлттық құрама өкілі Сырбаз Талғат қола медаль жеңіп алған болатын.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы