"Митинг өтіп жатыр": Түркістан облысында жалған ақпарат таратқандар ұсталды

"Митинг өтіп жатыр": Түркістан облысында жалған ақпарат таратқандар ұсталды

ашық дереккөзі

Түркістан облысы Сайрам ауданының 2 тұрғыны Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолында өткізілген заңсыз автожарысты видеоға түсіріп, митинг өтіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан, деп жазады Taulik.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілердің үстінен ҚР ҚК-нің 274-бабы бойынша "көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап бойынша кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске салайық, бұған дейін желіде Шымкенттегі жанармай құю станцияларының біріне жақын жол бойында ер адамдардың қалың қарасы түсірілген бейне тараған болатын. Роликтің авторы онда бензин бағасының өсуіне қарсы митинг өтіп жатқанын мәлім еткен.

Loading...