logo
search
menu

Түркістан облысында 9-сынып оқушысының денесі табылды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысының денесі табылды
14 сәуір, 2023
Түркістан облысында 9-сынып оқушысының денесі табылды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Түркістан облысында ауыл шетінен 9-сынып оқитын қыздың денесі табылды. Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды taulik.kz.
    «Түркістан облысында 9-сынып оқушысының денесі ауыл шетінен табылыпты. Қыз бала. Ауылдастары қайтыс болардың алдында бір қыздардың тиісіп жүргені туралы естіген. Қазір 9, 10, 11 сынып оқушылары сұралып жатыр екен. Үш күннен бері алақандай ауылдан күдіктінің кім екені табылмай жатқан көрінеді. Қызды жарақаттаған пышақ та жоқ, қаскөй марқұмның телефонын да шағып кеткен. Жаңа ғана бір оқушы күдікті ретінде қамауға алынды», – деп жазды Ирина Советжанқызы.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы