logo
search
menu
Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі

Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды Қазақстандық спортшы Дархан Есенғали еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды taulik.kz. Ол (74 келі) Азия чемпионатының финалында жапониялық Кирин Киношитамен белдесті. Дархан Есенғали қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атағына ие болды. Ол бұған дейін 1/8 финалда сингапурлық Хонг Луды, ширек финалда қырғызстандық Әділет Жапарқұловпен кездесіп, белдесуді өз пайдасына шешті. Ал жартылай финалда бахрейндік Магамедрасул Аслуевты ұпай санымен жеңді.