Түркістанда қызды өлтірді деген күдікпен 11-сынып оқушысы ұсталды
«Күдікті -11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды», - делінген хабарламада.Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.