Мәзір
15 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Халық алдына шыққан министрге шабуыл жасалды

Халық алдына шыққан министрге шабуыл жасалды

Халық алдына шыққан министрге шабуыл жасалды Халық алдына шыққан министрге шабуыл жасалды
ашық дереккөзі

Жапонияда ел премьер-министрі халық алдына шығарда жарылыс болды. Оқиға Вакаяма қаласындағы балықшылар портында болған. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды taulik.kz NHK сайтына сілтеме жасап.

15 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Вакаяма қаласындағы балықшылар портында көпшілік алдына шығып, сөз сөйлеуі керек болған. Осы кезде жарылыс дыбысы естіліп, ақ түтін шыға бастаған. Полиция мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жарылғыш зат лақтырған күдікті оқиға орнында ұсталды. Оқиғадан бұрын Кисида Вакаямадағы Сайгасаки портында балық дәмін татып көрген. Содан кейін ол Вакаяма 1 округі бойынша палата өкілдерін қосымша сайлауға байланысты сөз сөйлеуі керек еді. Алайда іс-шара кейінге қалдырылған. Аталған сайлау осы айдың 23-де өтеді.

Апта талқысында: