Қазақстандық боксшылар топ жарды

Қазақстандық боксшылар топ жарды

ашық дереккөзі

Қазақстандық бокшылар Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингтегі үшінші, Бек Нұрмағанбек тоғызыншы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп жазады Taulik.kz.

Әбілхан Аманқұл АҚШ-тың Калифорния штаты, Помона қаласында өткен бокс кешінде Мексика спортшысы Даниэль Эчеверриамен жұдырықтасты. Екінші орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Алайда Әбілхан Аманқұл қарсыласын 2-раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Даниэль Эчеверриа мансабында 12 рет жеңілді.

Сонымен қатар Бек Нұрмағанбет венесуэлалық Хеберт Рондонмен жұдырықтасты. Суперорта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған болатын. Бірақ бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, ол кәсіпқой рингтегі 9-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал оның қарсыласы Хеберт Рондон мансабында 4-рет ұтылды.

Loading...