logo
search
menu

Қыздар арасында тағы да төбелес болды

Қыздар арасында тағы да төбелес болды
16 сәуір, 2023
Қыздар арасында тағы да төбелес болды
ашық дереккөзі

Мазмұны

    Желіде тағы бір қыздар арасындағы төбелестің видеосы пайда болды. Видео авторы Павлодардағы Песчан балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында да зорлық-зомбылық бар екенін айтты. Олар балаларды қорғауға көмек сұраған. Бұл туралы taulik.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, расында да №2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері арасында ауызша кикілжің болып, арты төбелеске ұласқан.
    Кезекші мұғалім мен басқа да оқушылар бірден қыздарды ажырата бастады. Төбелес кезінде кәмелетке толмағандар ешқандай жарақат алмаған. Сонымен қатар білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізетінін, нәтижесі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік шаралар қарастырылатынын хабарлаймыз, – деп мәлімдеді ведомствода.
    Облыстық полиция департаменті бұл дерек Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлады. Полиция тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ведомствоның мәліметінше, оқиға ағымдағы жылдың ақпан айында болған.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы