logo
search
menu

Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті (ВИДЕО)

Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті (ВИДЕО)
17 сәуір, 2023
Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Мазмұны

    14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, ЖКО болған жерден қашып кетті, деп хабарлайды Taulik.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды, ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты. ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
    user

    taulik

    taulik.kz - тәулік бойы ақпарат тарату алаңы