Taulik.kz | Тәулік бойы ақпарат тарату алаңы | Тәулік жаңалықтары | Бүгінгі жаңалық RU search
17 сәуір, 2023 / taulik / Жаңалықтар

Қазақстанда бензин мен дизель бағасы көтерілді

Қазақстанда бензин мен дизель бағасы көтерілді

Қазақстанда бензин мен дизель бағасы көтерілді
ашық дереккөзі
Алматының жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель отыны қымбаттады, деп хабарлайды Taulik.kz Tengrinews.kz хабарлауынша, сәуірдің 17 күні таңертең Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңгені құраған. Бұл ретте Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95/96 бағасының деңгейі әртүрлі. Егер Sinooil-да 17 сәуірде таңертең АИ-96 бір литрі 222 теңге болса, Royal Petrol мен Газпром Нефтьде АИ-95 жанармайының литріне 230 теңге болған. «Sinooil» жанармай құю бекеттерінде дизель отынының бағасы 295 теңге. «Газпромнефть» жанармай құю бекетінде – 450 теңге. Ал Астанадағы Керей Жәнібек Хандар көшесіндегі Nomad Oil жанар-жағармай құю стансасындағы жанармай құны алматылық бағамен бірдей болды. Мұнда да АИ-92 литрі 205 теңгеден, АИ-95 224 теңгеден, АИ-98 де 245 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизель отынының литрі 295 теңгеден сатылып жатыр. Сондай-ақ Қызылордадағы жанармай құю бекеттерінде жанармай бағасы көтерілді. Еске салайық, 2023 жылдың 12 сәуірінде Энергетика министрлігінің Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасы туралы бұйрығы күшіне енген болатын.
"Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара болып табылады және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Бұйрықтың қабылдануымен ЖЖМ шекті бағалары қабылданды: АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге - литріне 205 теңгеге дейін; дизель отынына - литріне 295 теңгеге дейін.